Астанада 27-29 мамыр күндері Құрбан айт мерекесінде құрбандық шалынатын арнайы орындар белгіленді.

Айт намазы 27 мамыр күні таңғы 06:00-де қаланың барлық мешітінде оқылады.

Құрбандық шалу рәсімі тек ресми бекітілген бес алаңда сағат 07:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі:

  • Байқоңыр ауданы: «Шанхай» базары;
  • «Баракат» базары;
  • «Жайлау» базары;
  • «Шәушен» шаруа қожалығы;
  • Алматы ауданы: «Ет-Хан» ет цехы.

Белгіленбеген жерде құрбандық шалу тиым салынады.

Тұрғындарға санитарлық талаптарды сақтау, етті тексерілген жерден сатып алу, жеке гигиенаға көңіл бөлу, сондай-ақ мал қалдықтарын дұрыс кәдеге жарату ұсынылады.