Гонконгте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы батуттағы гимнастикадан екі медаль жеңіп алды.

Әйелдер арасында Виктория Бутолина жекелей секіруден қола медальға қол жеткізді. Ерлер арасындағы синхронды секіруде Никита Тумаков пен Ерлан Тасмағамбетов күміс медаль жеңіп алды.

Бозбалалар мен юниорлар санатында Қазақстан құрамасы он медаль еншіледі: екі алтын, төрт күміс және төрт қола.