2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап алғашқы әскери дайындық (АӘД) сабағын жүргізетін педагогтарға жаңа талаптар қойылады. Абай, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында оқу-әдістемелік жиындар өткізілді.

Жиындар барысында оқытушылар заманауи әскери-патриоттық тәрбиенің талаптарымен, қазіргі қарулы қақтығыстар ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар, заңнамаға енгізілген жаңартылған нормалар түсіндірілді.

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Майор Людмила Перякина атап өткендей:

Жаңа талапқа сәйкес, АӘД оқытушылары әскери қызмет өтіліне ие болуы тиіс. Сабақтар заманауи симуляторлар мен жаңартылған оқулықтар бойынша өтеді, оқу бағдарламасына ұшқышсыз ұшу жүйелері, қару-жарақ пен әскери техниканы қолдану негіздері, оқ-дәрілер, медициналық және психологиялық дайындық кіреді.

Практикалық сабақтарды тәжірибелі Құрлық әскерлері қызметшілері өткізді. Бағдарлама жастарды тактикалық, атыс және ұшқышсыз ұшу жүйелерін қолдану бойынша дайындауды, жергілікті жерде бағдарлау, жеке қорғаныс және тактикалық медицина негіздерін үйретуді қамтиды.

Жиынның басты мақсаты — жастардың бойында азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді қалыптастыру, оларды әскерге сапалы дайындау.