Астанада жинақтаушы ипотека бағдарламасы іске қосылды: пәтер алып, пайыздық мөлшерлемені қалай төмендетуге болады?
Енді пәтер сатып алып, ипотеканы өтеумен қатар, несиебойынша пайыздық мөлшерлемені төмендетуге мүмкіндік беретін қаражат жинауға болады. Мұндай мүмкіндік елорда тұрғындарына SAT NS пен Freedom Bank бірлесіпұсынған жаңа бағдарлама арқылы қолжетімді.
Баспана алуды жоспарлағандардың алдында таңдау тұрады: қажетті қаражатты жинауды жалғастыру немесе ипотеканыкейінге қалдырмай, үйлі болу. Жаңа жинақтаушы ипотека осы екі мақсатты қатар жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Яғни, сатып алушы пәтерге қол жеткізіп қана қоймай, болашақта несие шарттарын жақсарту үшін қаражат жинай алады.
Ипотеканы рәсімдеу үшін пәтер құнының 30% бастапқы жарна төлеу қажет. Бірінші кезеңде клиент ипотекалық несиені өтей отырып, депозитке де қаражат жинайды. Жинақ көлемі пәтер құнының 50%-ына жеткен кезде, несие бойыншажылдық пайыздық мөлшерлеме 10%-ға дейін төмендейді.
Бағдарлама шарттары:
• Бастапқы жарна — 30% бастап
• Бірінші кезеңдегі пайыздық мөлшерлеме — 14,5% дейін
• Төмендеген мөлшерлеме — 10% дейін
• Несие сомасы — 100 млн тг дейін
• Несие мерзімі — 20 жылға дейін
Жинақтаушы ипотека бастапқы жарнасы бар, үй сатыпалуды кейінге қалдырғысы келмейтін және алдағы уақытта несие бойынша төлем жүктемесін азайтуды көздейтін азаматтар үшін өте тиімді шешім.
Бағдарлама аясында Abai City Mahabbat тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алуға болады. Ұлы Дала даңғылының бойында орналасқан жоба Абайдың философиясы мен дүниетанымынан шабыт алған. Заманауи сәулет пен ұлттық нақыш үйлесім тапқан кешеннің басты ерекшеліктерінің бірі -серуендеуге және демалуға арналған жеке этноаллея.