Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапары аясында Сердар Бердімұхамедовпен кездесті.

Мемлекет басшысы ықыласпен қарсы алып, қонақжайлық танытқаны үшін Түрікменстан Президентіне алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев достыққа, тату көршілікке және өзара қолдауға негізделген қазақ-түрікмен қарым-қатынасының жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ықпалдастықтың барлық бағытында оң динамика байқалатынына тоқталды.

Мемлекеттер басшылары бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.

Сондай-ақ энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және басқа да салалардағы бірлескен перспективті жобаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды.

Бұдан бөлек, мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Кездесуде алдағы бірлескен іс-шаралар кестесі де қарастырылды.

Фото: akorda.kz