Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Бельгиялықтар Королі Филипп және Патшайым Матильдамен бірге Ұлттық музейге барды.

Мәртебелі меймандар музей кешенінің сәулеттік ерекшеліктерімен және Ұлы даланың мәдени-тарихи мұрасын танытатын экспозициялармен танысты.

Қонақтар бірегей археологиялық қазбалар, ежелгі зергерлік өнер үлгілері қойылған Алтын залына ерекше назар аударды.

Бұл залда Есік қорғанынан табылған «Алтын адам», сондай-ақ Берел, Талды-2, Тақсай және Шілікті обаларынан шыққан алтын бұйымдар ұсынылған.

Фото: akorda.kz

Этнография залында Король Филипп пен Патшайым Матильда қазақ халқының салт-дәстүрімен, тұрмысымен, материалдық және рухани мәдениетімен танысты.

Сондай-ақ мәртебелі меймандарға бельгиялық суретші Джеймс Энсор шығармаларының көрмесі көрсетілді.

Сапар соңында Бельгиялықтар Королі мен Патшайымы Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

Ұлттық музейге жасалған сапар Қазақстан мен Бельгия арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға бағытталған мемлекеттік сапар бағдарламасының бір бөлігі болды.

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz