Жамбыл ауданында 15 медициналық нысан пайдалануға берілді
Алматы облысының Жамбыл ауданында денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру жұмыстары жалғасып жатыр.
Қазіргі таңда ауданда 62 медициналық нысан тұрғындарға қызмет көрсетеді.
Бұл туралы аудан әкімі Нұрлан Ертас баспасөз мәслихатында айтты.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында аудан аумағында 16 медициналық нысанның құрылысы қолға алынған.
Бүгінгі күнге дейін оның 15-і толық аяқталып, пайдалануға берілді.
Ал Үлкен ауылындағы медициналық нысанда негізгі құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.
Сонымен қатар Ұзынағаш ауылындағы аудандық емханаға күрделі жөндеу жүргізілді.
Бұл мақсатқа 3,9 млрд теңге бөлініп, нысан пайдалануға берілді.
Жаңартылған медициналық мекеме аудан тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Аудан әкімінің айтуынша, денсаулық сақтау саласын дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.
– Негізгі басымдық шалғай ауылдардағы медициналық инфрақұрылымды жақсартуға, алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға және тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Ауданда жүзеге асырылып жатқан жобалар ауыл тұрғындарына медициналық қызметті жақыннан әрі сапалы алуға жағдай жасауға бағытталған.