Қошқарбаев даңғылының бір бөлігінде автобус жолағы енгізіледі
Астанада 20 тамыздан бастап Р. Қошқарбаев даңғылының Тәуелсіздік даңғылынан М. Төлеубаев көшесіне дейінгі бөлігінде автобус жолағы іске қосылады.
Арнайы бөлінген жолақ қоғамдық көліктің кедергісіз қозғалуын қамтамасыз етуге, оның жұмыс тиімділігін арттыруға, жол жүру уақытын қысқартуға және жолаушылар үшін қатынасты қолайлы етуге бағытталған.
Осыған байланысты жүргізушілерден аталған учаскеде жол қозғалысы тәртібінің өзгеретінін алдын ала ескеріп, жол белгілері мен жол таңбаларының талаптарын қатаң сақтауды сұрайды.