Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Аида Балаеваны қабылдады
Фото: akorda.kz
Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының құрылуына байланысты бірқатар басым міндетті айқындады.
Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін жаңа мемлекеттік орган ұлттық қауіпсіздікті, заң мен тәртіпті қамтамасыз етумен айналысады.