Дархан Тілеубердіұлы Мырзабаев өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі болып тағайындалды.

Дархан Мырзабаев 1989 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Франция Республикасының мұнай және энергетика ұлттық жоғары мектебін, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы қаржы университетін, Қытай-Еуропа Халықаралық бизнес мектебін тәмамдаған.

Еңбек жолын Алматыда «PGS Kazakhstan» ЖШС-де геофизик-тағылымдамашы болып бастаған.

2025 жылдың қазан айынан осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Жасанды интеллект және цифрлық трансформация бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.