Қазақстан тоғыз ай ішінде 75,7 млн тонна мұнай өндірген
фото: nytimes.com
Қазақстан 2025 жылдың 9 айында 75,7 млн тонна мұнай мен жеңіл мұнай түрін (конденсат) өндірді. Бұл жайлы арнасы Рейтерге сілтеп хабарлады, деп жазды ELORDA MEDIA.
Арнаның жазуына қарағанда, Қазақстан ең ірі үш мұнай өндіру ошағында (Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ) жөндеу жүріп жатқанына қарамастан үлкен жетістікке жете алған. Меже — бұрын-cоңды өндірілмеген 100 млн тонна мұнай.
Мұнай өндірудің негізгі өсімі Теңізшевройлға байланысты. Компания қыркүйек айында рекордқа жетіп, күніне 964 мың баррель мұнай өндірген.
Көрсеткіш тамыз айындағы көрсеткішпен салғыстырғанда 1%-ға өскен.

фото: forbes.kz
Қазақстан қазір жылына шамамен 18 млн тонна мұнай өңдеп отыр.
— Саланы дамытудың 2040-шы жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес, өңдеу қуаттылығы 39 млн тоннаға дейін ұлғайып, өңдеу тереңдігі 94 пайызға жетеді. Сонымен қатар Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясындағы өз міндеттемелеріне берік болып, жаһандық мұнай нарығын тұрақтандыру үшін қажетті шараларды қабылдап отырғанын атап өтемін, — деді Премьер-министр.
Сонымен қатар Қазақстан үкіметі басшысы Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуаты 12 млн тоннаға дейін ұлғайтылады деп мәлімдеді.

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform
Орайы келгенде айта кетелік, Астанада Kazakhstan Energy Week форумыны өтіп жатыр. Форумда ОПЕК бас хатшысы Хайтам аль-Гайс сөз сөйлеп, әлемде мұнай өндіру, өңдеу және тасымалдау үшін жыл сайын шамамен 700 млн доллар инвестиция қажет деп айтты.