Елордада «Жауапты әке – тұрақты қоғамның тірегі» атты қалалық әкелер форумы өтіп жатыр. Іс-шара барысында отбасылық құндылықтарды нығайту және бала тәрбиесінде ата-аналардың өзара қарым-қатынасының маңызы кеңінен сөз болды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Баланың болашағына әкенің анаға құрметі – өмірлік сабақ» тақырыбында баяндама жасаған Назгүл Мақжан отбасындағы ата-ананың мінез-құлқы баланың негізгі өмірлік бағдарына тікелей әсер ететінін атап өтті.

Фото: Gov.kz

Оның айтуынша, отбасы ішіндегі сыйластық пен өзара түсіністік баланың эмоционалдық дамуына және оның тұлғалық ұстанымдарының қалыптасуына ықпал етеді.

«Егер мықты қоғам құрғымыз келсе, ең алдымен мықты отбасынан бастауымыз керек. Балаларға қалдыратын ең үлкен мұра – өзара сыйластық пен жеке үлгі», – деді Назгүл Мақжан.

Сондай-ақ форумда ерлі-зайыптылар арасындағы серіктестік қатынастардың маңызы да айтылды. Мамандардың пікірінше, өзара құрмет пен қолдау берік әрі үйлесімді отбасы қалыптастырудың негізгі факторы болып табылады.