Астанада Есіл өзенін тазарту жұмыстары жалғасуда
Фото: Gov.kz
Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы табиғатты қорғауға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асырып жатыр. Есіл өзенін күтіп-ұстау аясында өзен айдыны мен жағалау аумақтарын жүйелі түрде санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Мамандар су бетін және жағалау аумағын тұрмыстық қалдықтардан тұрақты түрде тазартып, қамыс пен судың табиғи ағысына кедергі келтіретін артық су өсімдіктерін шабу және тазарту жұмыстарын атқаруда.
Жыл басынан бері атқарылған жұмыс барысында 33 тоннадан астам қоқыс жиналып, шығарылды.
Есіл өзені мен елорданың өзге де су айдындарында жұмыс жоспарлы түрде жүріп жатыр. Су айдындарын күтіп-ұстау және экологиялық тұрғыдан қалпына келтіруге бағытталған кешенді жұмыстар қоршаған ортаның қолайлы жағдайын сақтауға, су сапасын жақсартуға және Астана тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.