29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астана цифрлық және дәстүрлі спорт түрлерін біріктіретін фиджитал спорттың халықаралық алаңына айналады. «Болашақ ойындары» дирекциясына сілтеме жасап, елорда әкімдігі хабарлағандай, жарыстың 12 күндік бағдарламасына 50-ден астам ұлт өкілінен құралған халықаралық клубтардан 800-ден аса қатысушы, технологиялық брендтер және мыңдаған көрермен қатысады. Бұл додада спорт пен шоу бірегей үйлесім табады.

«Болашақ ойындары – 2026» (GOTF 2026) бағдарламасына мыналар кіреді:

  • фиджитал футбол;
  • фиджитал баскетбол;
  • корольдік шайқас;
  • фиджитал шутер;
  • фиджитал би;
  • MOBA PC;
  • MOBA Mobile;
  • фиджитал жекпе-жек.

Фото: Gov.kz

Фото: Gov.kz

Ұйымдастырушылар мен IPSOS халықаралық зерттеу компаниясының деректері бойынша, өткен жылғы «Болашақ ойындары – 2025» (GOTF 2025) турнирі әлемдік қызығушылықтың жоғары екенін көрсетті:

  • 850-ден астам қатысушы;
  • әлем бойынша 461 миллионнан астам онлайн қаралым;
  • 137 миллион бірегей көрермен.

Фото: Gov.kz

Сондай-ақ, GOTF 2025 турниріне ондаған мың көрермен қатысып, жарыстардың трансляциясы әлемдегі жетекші медиаплатформалар мен стримингтік сервистер арқылы көрсетілді.

Еске салсақ, іс-шараға билеттер сатылымға шықты. Билеттерді онлайн платформалар арқылы сатып алуға болады.