Астанада Арқар көпірі жөндеу жұмыстарына байланысты ішінара жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Арқар көпірінде (М1) деформациялық тігісті жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Осыған байланысты 11–17 тамыз аралығында көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеру қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.