Алматыда Сейфуллин мен Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысы бірнеше күнге жабылады
Алматыда қала орталығындағы көше қиылыстарының бірі жабылады.
Алмалы ауданы әкімдігінің мәліметінше, құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Сейфуллин даңғылының Бөгенбай батыр көшесімен қиылысатын учаскесі уақытша жабылады. Аталған аумақта 2026 жылғы 14 тамыз сағат 20:00-ден 17 тамыз сағат 06:00-ге дейін қозғалыс шектеледі.
«Тұрғындар мен жол қозғалысына қатысушылардан маршруттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысындағы уақытша өзгерістерді ескеруді сұраймыз», — деп хабарлады аудан әкімдігі.