Тоқаев Путинге Мемлекеттік Дума сайлауына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады.
Президент Ресей басшысын тоғызыншы шақырылымдағы Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады.
Жеделхатта аталған сайлау Ресейдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға екені атап өтілді. Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беру нәтижесі Владимир Путиннің Ресейдің ұзақмерзімді мүддесін қорғауға бағытталған стратегиялық бағдарына халық тарапынан кең қолдау бар екенін көрсеткенін жеткізді.
– Сайланған Мемлекеттік Дума депутаттары азаматтардың әл-ауқатын көтеру және Ресейдің әлемдік держава ретіндегі әлеуетін нығайту мақсатында тиімді шаралар мен шешімдер қабылдайтынына күмән жоқ.
Құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Ресей арасындағы одақтастық қарым-қатынастың маңызды бөлігі ретінде парламентаралық ықпалдастыққа ерекше назар аударылды.
Қазақстан Президенті Құрылтай депутаттары мен Ресей парламентарийлері екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастық пен стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту үшін бірлескен жұмысты белсенді жалғастыратынына сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің Ресей Федерациясының өркендеуі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.