Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қаланы көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр.

Кезекті іс-шара №1 индустриялық парк аумағында өтті. Оған елордалық кәсіпорындардың қызметкерлері қатысып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Акция барысында 65 ағаш отырғызылды.

Фото: Gov.kz

Экологиялық бастамаға «KZ-ПРЕСТИЖ», «Танжер-1», «PolyTech Astana» және «ЛС Групп» кәсіпорындарының ұжымдары қосылды.

Қызметкерлер өнеркәсіптік аймақта көгалдандыру жұмыстарын бірлесіп атқарып, қоршаған ортаны жақсартуға өз үлестерін қосты.

Кәсіпорындардың мұндай экологиялық бастамаларға қатысуы өнеркәсіптік аумақтарды көгалдандыруға және абаттандыруға ықпал етеді. Сонымен қатар бұл бизнестің қоршаған ортаға жауапкершілігін арттырып, елордада жайлы қалалық орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.