Тоқаев алдағы күндері Үндістан мен Корея Республикасына сапармен барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 12-16 қыркүйек аралығында Үндістан мен Корея Республикасына сапармен барады.
12-13 қыркүйек күндері Президент Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модидің шақыруымен БРИКС-тің XVIII саммитіне қатысу үшін Үндістанға жұмыс сапарымен барады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Делиде «Орнықтылықты, инновацияны, ынтымақтастық пен тұрақтылықты нығайту» тақырыбына арналған «аутрич»/«БРИКС+» форматындағы пленарлық отырыста сөз сөйлейді.
Сапар аясында Мемлекет басшысының Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен келіссөз жүргізуі, сондай-ақ бірқатар мемлекет және үкімет басшыларымен кездесуі жоспарланған.
14-16 қыркүйек аралығында Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен осы елге мемлекеттік сапармен барады.
15 қыркүйекте Сеулде жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Кездесу барысында қазақ-корей кеңейтілген стратегиялық серіктестігін нығайту перспективалары талқыланады.
Сонымен қатар Президент Кореяның ірі компанияларының жетекшілерімен кездеседі.
16 қыркүйекте Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Корея Республикасы» бірінші саммитіне қатысады.