Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Президенті Луис Инасиу Лула да Силваға құттықтау жеделхатын жолдады.

Президент Луис Инасиу Лула да Силваны және барша Бразилия халқын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Бразилиямен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ерекше мән беретінін атап өтті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің арқасында екі ел арасындағы ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі жолында қарқынды дами түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силваға жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал Бразилия халқына бақ-береке тіледі.