Астанада ересектерге арналған тегін қазақ тілі курсы ұйымдастырылады
Фото: Gov.kz
Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ересектерге арналған қазақ тілі курсын өткізеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Ересектерге арналған курс тегін ұйымдастырылады. Өтініштер 1–31 шілде аралығында қабылданады.
Курс 3 тамыз күні басталады. Оқыту офлайн және онлайн форматта өтеді. Ұзақтығы – 4 ай. Сабақ аптасына 3 рет жүргізіледі. Курс соңында қатысушыларға сертификат табысталады.
Курсқа тіркелу үшін Бейбітшілік көшесі, 9, 209-кабинетке жүгіну қажет.
Байланыс телефондары:
Жұмыс: +7 (7172) 24-90-52;
Ұялы: +7 (707) 497-71-43.