Жыл басынан бері ел экономикасына 9,5 трлн теңге инвестиция тартылды
Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин инвестициялар ел экономикасының өсу драйверіне айналып отырғанын мәлімдеді.
«Бірінші жартыжылдықта негізгі капиталға салынған инвестициялар 9,5 трлн теңгеге жетіп, 9,6%-ға өсті. Оның ішінде жеке инвестициялар 21,4%-ға ұлғайды. Инвестициялардың неғұрлым көп өсуі мына салаларда байқалады: ақпарат және байланыста – 2,3 есеге, құрылыста – 38,7%-ға, өңдеу өнеркәсібінде – 33,3%-ға, ауыл шаруашылығында – 24,6%-ға, көлік саласында – 11,6%-ға. Инвестициялардың жоғары өсуі Ұлытау, Жамбыл, Түркістан, Абай облыстарында байқалады. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың құрылымы өзгеріп жатыр. Жеке инвестициялардың үлесі 87% болды», – деді ол.