Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында жергілікті брендтерді қолдау, креативті кәсіпкерлікті дамыту және қазақстандық өнімдерді ілгерілету мақсатында ұйымдастырылған алғашқы Astana Pop Up Store дизайн-фестивалі мәресіне жетті.

Фестивальге еліміздің әр түкпірінен келген 50-ден астам қатысушы өздерінің авторлық киімдерін, әшекей бұйымдарын, интерьер заттарын, косметикасын, қолөнер бұйымдары мен инновациялық әзірлемелерін ұсынды.

Қатысушылардың көбі үшін Astana Pop Up Store елорда тұрғындарымен алғаш рет жүздесуге, өз өнімдерін таныстыруға, тың идеяларын сынақтан өткізуге және сатып алушылардың пікірін білуге мүмкіндік болды.

Дизайн-маркеттен бөлек, фестиваль қонақтарына гастрономиялық аймақ, серіктестердің арнайы жобалары және мәдени бағдарлама ұсынылды.

Фестиваль қазақстандық Moldanazar тобының концертімен түйінделді.