Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметке биыл Қазақстан экономикасына 25,5 млрд доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тарту міндетін қойды. Сонымен қатар негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемін 31,5 трлн теңгеге жеткізу қажет екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы еліміздің инвестициялық ахуалын одан әрі жақсарту және экономиканың басым секторларында қосылған құнды арттыратын серпінді жобаларды іске асыру міндетін белгілеген.

Осыған байланысты әрбір министр мен әкімнің алдына инвестиция тарту бойынша нақты индикаторлар мен міндеттер қойылған.

Осы тұрғыда әрбір министр мен әкімнің алдына инвестициялар тарту бойынша нақты индикаторлар мен міндеттер қойылғанын атап өтемін. Биыл 25,5 млрд доллар шетелдік инвестиция және негізгі капиталға 31,5 трлн теңге инвестиция тартуға тиіспіз. Сыртқы істер министрлігіне мемлекеттік органдармен бірлесіп, жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін аталған бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырамын.

Олжас Бектенов Сыртқы істер министрлігіне мемлекеттік органдармен бірлесіп, жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

Сонымен қатар Сыртқы істер министрлігі Бас прокуратурамен бірге барлық инвестициялық жобаларға қолдау көрсету және инвесторлардың заңды құқықтарын қорғау жұмыстарын жүйелеуі қажет.