Астанада 25-27 маусым аралығында Нұржол желекжолының Ақмешіт көшесінен Қазақ радиосы көшесіне дейінгі бөлігінде маршруттық жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы толықтай жабылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жолдағы уақытша өзгерістерді ескеріп, жүру бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.