Черногория Президенті Қазақстанға ресми сапар жасайды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Черногория Президенті Яков Милатович Қазақстанға ресми сапармен келеді.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар 18–20 маусым аралығында өтеді.
19 маусым күні екі ел басшылары жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп, саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылайды.