Астанада тегін қазақ тілі курсы басталады
Астана қаласында Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен «Руханият» КММ бірлесіп тегін қазақ тілі курсын ұйымдастырады. Өтініштерді 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қабылдау басталады, ал курс 3 тамыз күні іске қосылады.
Сабақтар офлайн және онлайн форматта өткізіліп, аптасына үш рет өтеді. Курс соңында қатысушыларға арнайы сертификат беріледі.
Қатысуға өтінім беру мекен-жайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 209-кабинет. Жұмыс уақыты дүйсенбі-жұма 07:30-17:00.
Толық ақпарат алу және тіркелу үшін байланыс телефондары: +7 (7172) 24-90-52 және +7 707 497 71 43.