Астана қаласында жол инфрақұрылымын жаңарту мақсатында бірнеше көше қиылыстарында асфальт төсемін ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты көлік қозғалысы уақытша толық жабылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Уақытша жабылу кезеңдері келесідей белгіленді:

Ж. Нәжімеденов көшесі мен Қ. Қуанышбаев көшесінің қиылысы – 10 маусым сағат 21:00-ден 11 маусым сағат 07:00-ге дейін;

Ж. Нәжімеденов көшесі мен Қ. Аманжолов көшесінің қиылысы – 12 маусым сағат 21:00-ден 13 маусым сағат 07:00-ге дейін;

Ж. Нәжімеденов көшесі мен С. Нұрмағамбетов көшесінің қиылысы – 13 маусым сағат 21:00-ден 14 маусым сағат 07:00-ге дейін;

С. Нұрмағамбетов көшесі мен А. Байтұрсынов көшесінің қиылысы – 14 маусым сағат 21:00-ден 15 маусым сағат 07:00-ге дейін.

Қалалық әкімдік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді маршруттарын алдын ала жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруге шақырады.