Астанада көлік жарылысынан зардап шеккен адам көз жұмды
Елорданың Сарайшық ауданындағы Қасым Аманжолов көшесінде автокөлікте газ баллоны жарылғаны бұрын хабарланған еді.
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің бірі денесінің 90–95 пайызы күйіп, №1 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, науқас ауыр жарақаттарының салдарынан қайтыс болды.
Оқиғаның себептері анықталып жатыр, тергеу жалғасуда.