Астанада «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінім қабылдау басталды
Елордада «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінім қабылдау рәсімі басталды. Конкурстың басты мақсаты – өнегелі отбасылардың өмірлік тәжірибесін насихаттап, отбасы құндылықтарын дәріптеу, неке мен жанұяның оң үлгісін көрсету арқылы қоғамдағы беделін арттыру және қоғамдық бірлікті нығайту.
Ұлттық конкурстың жүлде қоры:
Қалалық кезеңнің жеңімпазы – 1 000 000 теңге;
Аудандық кезеңнің жеңімпазы – 500 000 теңге.
Өтінімдер 15 маусымға дейін қабылданады.
Қосымша ақпарат алу үшін келесі нөмірлерге хабарласуға болады: +7 700 653 36 94, +7 707 127 10 47.