Тоқаев Аустрия Президенті Александр Ван дер Белленді Ұлттық күнімен құттықтады
Фото: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрия Республикасының Федералдық Президенті Александр Ван дер Белленге Ұлттық күнге орай құттықтау жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы Александр Ван дер Белленді және Аустрия халқын ұлттық мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Құттықтау жеделхатында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Аустрия арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті Александр Ван дер Белленге жауапты мемлекеттік қызметінде табыс тілеп, Аустрия халқына бейбітшілік, бақ-береке және өркендеу тіледі.