7 маусым күні Астанада мерейтойлық Astana Half Marathon жарысы өтеді. Оған әлемнің 30-дан астам елінен шамамен 7 мың желаяқ қатысады. Осыған байланысты қала көшелерінің бірқатарында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

6 маусым күні:

Сағат 06:00-ден 7 маусым 18:00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылының Ж. Нәжімеденов көшесінен А. Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс ішінара шектеледі.

7 маусым күні:
Көлік қозғалысы уақытша тоқтайтын учаскелер:

Сарайшық көшесі (Р. Қошқарбаев даңғылынан Ақмешіт көшесіне дейін) – 06:00-07:30

Д. Қонаев көшесі (Ақмешіт көшесінен «Қазақ радиосы» көшесіне дейін) – 06:10-06:50

«Қазақ радиосы» көшесі (Д. Қонаев көшесінен Достық көшесіне дейін) – 06:10-06:50

Достық көшесі («Қазақ радиосы» көшесінен Ақмешіт көшесіне дейін) – 06:10-06:50

Ақмешіт көшесі (Сарайшық көшесінен Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін) – 06:10-08:10

Ақмешіт көшесі (Бұқар жырау көшесінен Түркістан көшесіне дейін, EXPO орталығы маңында) – 06:30-07:25

Түркістан көшесі (Ақмешіт көшесінен Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін) – 06:35-08:15

Түркістан көшесі (Керей, Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіне дейін) – 06:45-08:20

Сығанақ көшесі (Түркістан көшесінен И. Панфилов көшесіне дейін) – 06:48-08:40

И. Панфилов көшесі (Ш. Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін) – 07:00-08:45

Ж. Нәжімеденов көшесі (Ш. Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін) – 07:14-08:45

Тәуелсіздік даңғылы (И. Панфилов көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейін) – 07:00-08:55

Көшелер жарыс қатысушыларының өтуіне қарай кезең-кезеңімен ашылады. Көлік қозғалысы толықтай сағат 09:00-ге дейін қалпына келеді.

Тұрғындар мен қонақтарға бағыттарын алдын ала жоспарлап, уақытша өзгерістерді ескеру ұсынылады.