Астанада Тілендиев даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады
Фото: Gov.kz
Астанада «Тілендиев даңғылы мен Бейсекова көшесінің қиылысында көлік айрығын салу» жобасы аясында Тілендиев даңғылында жол жұмыстары басталады.
Осыған байланысты 6 маусым мен 6 шілде аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Көлік екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.