Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путинге көрсетілген бейнероликте төрт Амур жолбарысын «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты аумағына жіберу сәті бейнеленген.

Жолбарыстарды бақылап отыру үшін табиғи ортаға жібергенге дейін оларға жерсеріктік қарғыбау орнатылды.

Қазақстан Президентінің 2025 жылғы қарашадағы Ресейге мемлекеттік сапары кезінде Амур жолбарыстарын елге әкелу және түз тағыларының бастапқы бейімдеуден өтуі бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылған. Осы келісімдерге сай, Ресей тарапы төрт Амур жолбарысын жеткізді.

Бұл бастама Қазақстандағы жолбарыстар популяциясын қалпына келтіруге, сондай-ақ әлемдегі биоалуантүрлілікті сақтауға үлкен үлес қосады.

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz