Атырау облыстық Полиция департаменті 2026-2027 оқу жылы үшін ҚР ІІМ ведомстволық жоғары оқу орындарына талапкерлерді іріктеу жұмысы басталғанын хабарлайды.

16-25 жас аралығындағы, денсаулығы мықты, орта немесе жоғары білімі бар жас жігіттер мен қыздар құжаттарды Әбілқайырхан даңғылы, 55 мекенжайында орналасқан Облыстық Полиция департаментіне тапсыра алады.

Қосымша ақпарат алу үшін төмендегі телефондарына хабарласуға болады: 87781204525 немесе 98-26-12.