Сенатор Марат Қожаев Қазақстанда алгольге толық тыйым салуды ұсынды
Ішкі істер министрлігінің алкоголь сатылымына шектеу қою бастамасы талқыланған кезде елде спирттік ішімдікке мүлдем тыйым салу туралы ұсыныс айтылды. Бұл идеяның авторы – сенатор әрі бұрынғы ІІМ орынбасары Марат Қожаев деп мәлімдеді Kursiv.kz басылымы.
Сенатордың айтуына қарағанда, алкогольдің еркін сатылуы Қазақстанға экономика және әлеумет тұрғысында зиян келтіріп отыр. Жол-көлік апаттары, еңбек қабілетінің жоғалуы және емделуге кететін шығындарға алкогольді сусындар бірден-бір себеп.
Қожаевтың сөзінше, еліміздегі 500-ден астам елді мекенде алкогольден толықтай бас тартқан, соның нәтижесінде құқықбұзушылықтар азайған.
Сенат отырысындағы үзілісте Қожаев бұл шаралар тыйым салу емес, тәртіп орнатуға бағытталғанын атады: «Білесіз бе, мен бұл ұсынысты дұрыс деп есептеймін. Алкоголь – өмір сүру үшін маңызды өнім емес. Ал елдегі құқықбұзушылықтардың 30 пайызы алкогольдің кесірінен болады», – деді сенатор Марат Қожаев.
Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай