Шанхайдағы Чжанъюань тарихи сәулет кешенінде «үй көшіп жатыр». 1920-1930 жылдары салынған Хуаяньли тұрғын үй кешенін көшіруге  роботтар жегілген.

Stan.kz ақпарат агенттігінің мәліметінше, аумағы 4 030 шаршы метр, салмағы 7 500 тонна болатын кешен 432 мобильді роботтың көмегімен тарихи орнына қайтарылып жатыр. Бұл Қытай тарихындағы шикумэнь стиліндегі ғимарат тобының қатысуымен жасалған ең үлкен операция.

Көшіру процесі 19 мамырда басталған. Кешендегі үш қаңқалы кірпіш ғимараттың сәулет элементтері сақталуы үшін арнайы роботтар пайдаланылды. Олар күніне шамамен 10 метр жылдамдықпен қозғалады.