Тоқаев пен Путин жасанды интеллект саласындағы Қазақстан мен Ресейдің жетістіктерімен танысты
Фото: akorda.kz
Қазақстан мен Ресей президенттері Мәскеуде өтіп жатқан AI Journey 2026 халықаралық конференциясы аясында жасанды интеллект технологияларының көрмесін аралады. Онда екі елдің түрлі салаларға арналған цифрлық шешімдері мен инновациялық жобалары таныстырылды.
Ресейге жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев AI Journey 2026 халықаралық конференциясы аясындағы іс-шараларға қатысты.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин жасанды интеллект саласындағы екі елдің жетістіктері мен жаңа технологиялық әзірлемелері ұсынылған көрме стендтерін аралап көрді.
Қазақстанның көрме алаңында «Технологиялық ұлт», Startup City, GovTech, Aitu, «Көлік және FinTech салаларындағы ЖИ» секілді алты негізгі бағыт қамтылды. Экспозицияда елімізде жасанды интеллект технологияларын енгізу және цифрлық шешімдерді дамыту бойынша жүзеге асырылып жатқан бастамалар таныстырылды.

Фото: akorda.kz
Ал Ресей тарапы білім беру, денсаулық сақтау, қала құрылысы, сот ісін жүргізу, мұнай өнеркәсібі және басқа да салаларда қолданылатын цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект шешімдерін ұсынды.
Көрме барысында екі елдің салалық ведомстволарының басшылары жасанды интеллектіні пайдалану арқылы жүзеге асырылып жатқан басым жобалар туралы ақпарат берді.
Айта кетейік, AI Journey («Жасанды интеллект әлеміне саяхат») – жасанды интеллект технологияларын әлемдік деңгейде дамыту мәселелеріне арналған халықаралық конференция.
Ақорданың мәліметінше, іс-шара 2016 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында конференция жасанды интеллект саласындағы халықаралық тәжірибе алмасу мен технологиялық жетістіктерді таныстыруға арналған беделді алаңдардың біріне айналды.

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz