5 қарашада Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен елімізге ресми сапармен келген Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейн келіссөз жүргізді. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейту және халықаралық қауіпсіздікті нығайту мәселелерін талқылады.

Ақордада Иордания Королін салтанатты қарсы алу рәсімі ұйымдастырылды. Мәртебелі мейманның құрметіне Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің тікұшақтары екі мемлекеттің туларын желбіретіп, Ақорда алдынан ұшып өтті.

Салтанатты рәсім барысында мемлекет басшылары ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт бергеннен кейін Президент оркестрі Қазақстан мен Иорданияның мемлекеттік әнұрандарын орындады.

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Келіссөз кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев Иорданияның Қазақстан үшін араб әлеміндегі маңызды әрі сенімді серіктес екенін атап өтті.

– Иордания – араб әлеміндегі уақыт тезінен өткен сенімді серіктесіміз. Кейінгі жылдары ықпалдастығымыз қарқын ала бастады, – деді Президент.

Мемлекет басшысы 2025 жылы екі ел басшыларының өзара сапарлары Қазақстан мен Иордания арасындағы қарым-қатынасты дамытуға тың серпін бергенін жеткізді.

Сол кездесулердің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданып, министрліктер, ведомстволар және іскерлік орта өкілдері арасында бірқатар құжатқа қол қойылған.

Президент Қазақстан қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты жүзеге асыруға басымдық беретінін айтты.

Оның пікірінше, экономикалық ынтымақтастық екіжақты қарым-қатынастың негізгі бағыттарының бірі болып қала береді. Сонымен қатар академиялық және ғылыми байланыстарды нығайту, туристер ағынын арттыру және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты кеңейту үшін де мүмкіндік бар.

Фото: akorda.kz

Кездесу барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Иорданияның халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар маңызды мәселелер бойынша ұстанымдары ұқсас екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Иордания Королі он жылдан астам уақыт бұрын бастамашы болған Ақаба процесінің маңыздылығына тоқталды.

Қазақстан Орталық Азияда алғаш рет осы форматтағы кездесуді бірлесіп ұйымдастыруға қатысып отыр. Жиынның негізгі тақырыбы – жасанды интеллект саласындағы қауіпсіздік.

Фото: akorda.kz

Президенттің айтуынша, мұндай халықаралық алаң өңір мемлекеттерінің қауіпсіздік мәселелеріне қатысты ұстанымдарын таныстыруға және бейбітшілікті сақтау бағытындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн жылы қабылдауы үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдіріп, екі ел арасындағы достық байланыстардың маңызын атап өтті.

Король өткен жылғы өзара сапарлар екіжақты қатынастарды дамытуға айтарлықтай ықпал еткенін жеткізді.

Оның айтуынша, Иордания Қазақстанмен сауда, инвестиция, туризм, технология және қорғаныс салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі.

Фото: akorda.kz

Сонымен қатар II Абдалла Ақаба процесі аясындағы кездесулердің жаңа кезеңін бірлесіп ұйымдастырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді.

Иордания Королі мұндай бастамалар өңірлік және жаһандық қауіпсіздікке төнетін сын-қатерлерге қарсы бірлескен іс-қимылды дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Келіссөз қорытындысында Иордания тарапы Қазақстанмен өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, терроризм мен экстремизмге қарсы күрес бағыттарындағы ықпалдастықты кеңейтуге мүдделі екенін растады.

Екі ел басшыларының кездесуі сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және қауіпсіздік салаларындағы әріптестікті одан әрі дамыту мәселелерін талқылауға арналды.

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz