Өскемен қаласында өткен үстел теннисінен Қазақстан Республикасының кубогында Астана қаласының ерлер құрамасы командалық жарыста екінші орын алып, күміс жүлдеге ие болды.

Республикалық жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстарынан ерлер мен әйелдер құрамалары қатысты.

Ел кубогы жолындағы бәсекеде елордалық спортшылар қарсыластарымен сынға түсіп, командалық есепте үздік нәтижелердің бірін көрсетті.

Астана құрамасының сапында Сағантай Құрмамбаев, Тимофей Герасименко, Александр Герасименко және Ермек Бекназаров өнер көрсетті.

Осылайша, астаналық үстел теннисшілері республикалық деңгейдегі жарыста күміс жүлдеге қол жеткізіп, Қазақстан кубогының екінші орын иегерлері атанды.