Tarlan Astana жолаушыларының саны 10 миллионнан асты
Елордада Tarlan Astana жеңіл рельсті көлігі іске қосылғалы бері оны пайдаланған жолаушылар саны 10 миллионнан асты.
Қыркүйек айында орташа тәуліктік жолаушылар легі шамамен 80 мың адамды құрады.
Жолаушылар арасында ең көп сұранысқа ие стансалар қатарында «Университет», «Бәйтерек» және «Нұрлы жол» бар.
«Университет» стансасы арқылы 1 463 953 жолаушы өткен. «Бәйтерек» стансасын 1 208 610 жолаушы пайдаланған. Ал «Нұрлы жол» стансасында 1 060 068 жолаушы тіркелген.
Жол ақысын бірнеше тәсілмен төлеуге болады. Атап айтқанда, жолаушылар көлік картасын, банк карталарын және байланыссыз төлем әдістерін пайдалана алады.