ТМД елдері 2028 жылды әлеуметтік даму, 2029 жылды көлік байланысы жылы деп жариялады
Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты.
Жиынға Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.
Сондай-ақ кеңейтілген отырысқа Иран Президенті Масуд Пезешкиан, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев және ШЫҰ Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев қатысты.
Жиын қорытындысы бойынша ТМД қызметіне және Ұйымға мүше елдердің өзара ықпалдастығына қатысты бірқатар құжатқа қол қойылды.
Достастыққа мүше елдер басшыларының шешімімен 2028 жыл Әлеуметтік даму және өмір сапасы жылы болып жарияланды.
Ал 2029 жыл ТМД аясындағы көлік байланысы жылы деп белгіленді.
Қабылданған шешімдер Достастық аясындағы әлеуметтік даму, өмір сапасын арттыру және көлік саласындағы ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған.

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz