Франция премьер-министрі қызметінен босатылады
Франия парламентінің төменгі палатасы премьер-министр Франсуа Байруға сенімсіздік білдірді. Euronews хабарлауына қарағанда, шенеунікті қызметінен алуға 364 депутат дауыс беріп, 194-і қарсы шыққан.
Байру үкіметті тоғыз айға да жетпейтін уақыт бойы басқарды. Бюджет дауы мен мемлекеттік қарыздың күрт өсуі оның лауазымына деген сенімсіздік туғызды. Франсуа Байру ел экономикасына үнемдеу саясатын ұсынғанымен, қызметіне қатысты проблеманы шешпейтінін айтқан еді.
Бұған дейін Байру Францияның мемлекеттік қарызы әр секунд сайын €5 мыңға артатынын және елде соңғы рет теңгерімді бюджет 1974 жылы жасалғанын мәлімдеген.
«Ұлттық бірлестік» партиясының жетекшісі Марин Ле Пен президент Эммануэль Макронды мерзімінен бұрын парламент сайлауын тағайындауға шақырды.
Материалды дайындаған: Мөлдір Түктібай