ЕАЭО елдері газ, мұнай және электр энергиясының ортақ нарықтарын қалыптастыруды талқылады
Фото: Gov.kz
Мәскеуде Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің энергетика саласындағы уәкілетті органдары басшылары кеңесінің 14-отырысы өтті.
Жиынға Одаққа мүше елдердің энергетика министрлері қатысып, энергетикалық ынтымақтастықты дамыту және ортақ нарықтарды қалыптастыру мәселелерін қарастырды.

Фото: Gov.kz
Келіссөздердің негізгі тақырыбы – ЕАЭО аясында газ, мұнай, мұнай өнімдері және электр энергиясының ортақ нарықтарын құру.
Тараптар аталған нарықтардың жұмыс істеуіне қажетті нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және энергетика саласындағы интеграциялық үдерістерді ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударды.

Фото: Gov.kz

Фото: Gov.kz
Сонымен қатар ортақ энергетикалық нарықтарды дамытуға қатысты ЕАЭО мемлекеттерінің ұстанымдарын келісу және өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру жолдары талқыланды.

Фото: Gov.kz
Отырыс барысында қатысушылар алдағы ынтымақтастық бағыттары бойынша пікір алмасып, энергетика саласындағы мәселелерді шешуде тұрақты диалог жүргізудің маңызын атап өтті.
Жиында энергетикалық нарықтарды қалыптастыру жұмыстарын үйлестіру және Одаққа мүше мемлекеттер арасындағы әріптестікті одан әрі нығайту қажеттігі айтылды.
Кеңестің 14-отырысы ЕАЭО аясындағы энергетикалық интеграцияны дамытуға және газ, мұнай мен электр энергиясы салаларындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға арналды.