Астанада Құтқарушылар күніне орай төтенше жағдайлар қызметінің мамандарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты іс-шара елордадағы Жастар сарайында ұйымдастырылды.

Фото: Gov.kz

Мерекелік жиынға Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы, жеке құрамы және сала ардагерлері қатысты.

Фото: Gov.kz

Іс-шара барысында қызметтік міндеттерін адал атқарып, кәсіби шеберлігімен ерекшеленген құтқарушылар марапатталды.

Фото: Gov.kz

Фото: Gov.kz

Фото: Gov.kz

Бірқатар қызметкерге мерзімінен бұрын арнайы атақтар беріліп, үздік мамандар ведомстволық наградалармен және медальдармен марапатталды.

Салтанатты жиын мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты. Өнерпаздар жиналған қауымға музыкалық қойылымдар ұсынып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Фото: Gov.kz

Іс-шара төтенше жағдайлардың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және адам өмірін құтқару жолында еңбек етіп жүрген мамандардың қызметін құрметтеуге арналды.