Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының тағы бір орынбасары тағайындалды
Қасым-Жомарт Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының тағы бір орынбасарын тағайындады.
Бұл жайлы Ақорда хабарлады. Хабарламада:
«Мемлекет басшысының өкімімен Ғұмар Екпінұлы Серғазин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», — деп жазылған.
Еске салайық, биыл наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойды. Жарлықтағы тармақта айтылғандай, Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды.
Агенттік төрағасы болып Атом энергиясы тағайындалды.