Тоқаев Солтүстік Македония Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Македония Республикасының Президенті Гордана Силяновска-Давковаға құттықтау жеделхатын жолдады.
Президент Гордана Силяновска-Давкованы Солтүстік Македония Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Жеделхатта достық пен өзара түсіністікке негізделген Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы екіжақты қарым-қатынас дәйекті түрде дамып келе жатқаны атап өтілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Гордана Силяновска-Давкованың жауапты қызметі мен игі бастамаларына толағай табыс тіледі.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Солтүстік Македония халқына құт-береке тіледі.