Астанада Тілендиев даңғылында жөндеу жұмысы жүріп жатыр
Фото: Gov.kz
Астанада Тілендиев даңғылы бойынша «Тілендиев даңғылы мен Бейсекова көшесінің қиылысындағы көлік айрығын салу» жобасы аясында жол жұмысы жүргізілуде.
Осы жылдың 15 қыркүйегіне дейін аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
Бұл ретте көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылған.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеру қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылды.