Қасым-Жомарт Тоқаев Молдова Президентін Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Майя Санду мен Молдова халқын Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады.
Жеделхатта Қазақстан екі ел халқының мүддесі үшін кең көлемді бағыттардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екені атап өтілді.
Мемлекет басшысы Президент Майя Сандудың барлық игі бастамасына табыс, ал достас Молдова халқына құт-береке тіледі.