Шетелдік сарапшылар Құрылтай сайлауының маңызы туралы пікір білдірді
Шетелдік бақылаушылар Қазақстанда өтіп жатқан Құрылтай сайлауының маңызы, оның елдің саяси дамуы мен тұрақтылығын сақтаудағы рөлі туралы айтып берді.
Швейцария өкілі, құқық қорғаушы және «Geneva Times» журналисі Муиз Вахабдин дауыс беру процесі туралы өз пікірімен бөлісті.
-Вахабдин мырза, сіздің Женевадағы БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі іс-шараларға қатысуда тәжірибеңіз мол екені белгілі. Қазақстандағы Құрылтай сайлауының барысын қалай бағалайсыз?
-Ең алдымен, мен халықаралық сайлау байқаушысы ретінде Қазақстанға келгеніме қуаныштымын. Біздің рөліміз өте қарапайым: бақылау, тыңдау және тәуелсіз әрі бейтарап болу. Мен Қазақстанның бір палаталы парламентіне сайлау Қазақстан халқы үшін өте маңызды деп санаймын. Өйткені бұл сайлау адамдарға өз таңдауын білдіруге мүмкіндік береді. Әрине, сайлау елдің болашағын анықтайды. Осыған байланысты біз, халықаралық байқаушы ретінде, бейбіт, ашық және сенімді сайлау процесін көргіміз келеді. Қазақстан халқына сайлаудың сәтті өтуін тілеймін.
Швейцария бейтарап ел және әлем бойынша көптеген бейбітшілік келіссөздерін өткізеді. Мен Қазақстанның географиялық орналасуы, саяси құрылымы және мықты демократиялық негізі арқасында бейбітшілік пен тұрақтылық алаңына айналу мүмкіндігі бар деп санаймын. Сондықтан мен Қазақстанның жаһандық саясатта маңызды рөл атқара алатынына сенімдімін,- деді ол.
«EU alive» басылымының еуропалық журналисі Георгий Готев та дауыс беру процесі туралы өз пікірімен бөлісті.
— Готев мырза, сіз сайлау туралы ақпарат тарату ісіне бірінші рет қатысып тұрған жоқсыз. Сіз ұзақ уақыт бойы беделді еуропалық EUractive басылымын басқардыңыз. Қазіргі Құрылтай сайлауы туралы ойыңыз қандай?
— Иә, мен бұған дейін де Қазақстандағы сайлаулар туралы ақпарат тараттым және бірнеше ай бұрын референдумға да қатыстым. Мен бұл сайлаудың маңыздылығын түсінемін, өйткені Қазақстан күрделі геосаяси жағдайда тұр… Қазір Қазақстанға мықты болып, маңызды қадамдар жасауға тура келеді. Міне, сондықтан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық өзгерістер мен бір палаталы парламент, сондай-ақ вице-президент бастамасын бастады. Бұл, әрине, оның «Жаңа Қазақстанды» құру бойынша стратегиялық жоспары. Әрине, ең бастысы, елдің табысты дамуын жалғастыруы. Бизнес пен шетелдік инвесторлар үшін тұрақтылықты сақтау өте маңызды, сондай-ақ менің ойымша, Қазақстан тұрақтылықтың символына айналып келеді.
— ЕО-Қазақстан қарым-қатынасы және олардың болашағы туралы сіздің ойыңыз қандай?
— Менің ойымша, Еуропалық Одақ Қазақстанмен қарым-қатынасты тек саяси тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар экономикалық тұрғыдан да дамытуға өте мүдделі, әсіресе қазір, ЕО көптеген салаларда стратегиялық автономияға қол жеткізуге тырысып жатқан тұста. Еуропалық Одаққа маңызды шикізат қажет, ал Қазақстанда осы ресурстардың барлығы бар. Еуропалық Одақ, әрине, белсендірек болуы керек. ЕО елдерінің компаниялары АҚШ, Қытай және басқа аймақтардың инвесторларынан артта қалмауы керек. Қазіргі сайлау шынымен де тұрақтылық туралы. Еуропалық Одақ үшін тұрақтылықтан артық ештеңе жоқ. Тұрақты Қазақстан мен тұрақты Еуропалық Одақ қарым-қатынастарын әлдеқайда жақсы дамыта алады. Сондықтан қазір де сайлау учаскесінде музыка естіліп, мерекелік атмосфера сезіледі. Бұның өзі мың сөзден артық, көп нәрсені білдіреді.